Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЖАСАМПАЗДЫҢ ЖАРШЫСЫ!

Жасампаздықтың жаршысы

2 бәрі,.jpeg

Қазақстанның мәдени және әлемдік әдебиетінің алып тұлғасы, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы лингвист ғалым, Еңбек ері, дипломат, әлемге танымал ойшыл Олжас Омарұлы Сүлейменов 90 жасқа толды. Оның есімі қазақ әдебиетімен ғана емес ұлттық рухани жаңғырумен, бейбітшілік идеялармен және түркі дүниесінің мәдени тұтастығымен қатар аталады. Мемлекет қайраткері ойшыл ақынның 90-жылдығына орай елімізде әртүрлі форматта іс-шаралар белгіленген. Ақынның көп томдық шығармалар жинағы қайта басылып, арнайы фото альбомдар жарық көруде. Республика көлемінде Ғылыми конференция мен жиындар өтуде. Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К.Тоқаев Олжас Омарұлы Сулейменовты мерейтойымен құттықтап, шығармашылығы мен азаматтық ұстамын жоғары бағалады. Заңғар тұлғаны құттықтау, құрметтеу Алматыдан басталып, еліміздің барлық аймақтарында жалғасуда Жақсының жақсы ісін айту заңдылық. Ел үшін туған ерді ұлықтау мәңгілік» деген қағиданы ескеріп, «Есіл ауданы» ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының қатысуымен «дөңгелек үстел» жиыны өтті. Оның мазмұнды, қызықты өтуіне іс-шараның жоспарын белгілеп, әрі модераторы болған осы оқу орнының ардагерлер кеңесінің төрайымы, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің Президиум мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты профессор Кулзира Ыдырысқызы Ысқақова ханымның іскерлігін атап өту парыз.«Олжас Сулейменовтың ерлікке толы өмірі өлшеусіз мол шығармашылығы, азаматтығы мен биік парасаты, кісілік келбеті туралы кеңінен айтар болсақ, бір күннің немесе бір айдың да аясына симас еді», деп сөз бастаған ЕҰУ профессоры физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР жоғары мектебі Ғылым академиясының академигін ЕҰУ ардагерлер кеңесінің мүшесі ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазбек Сулейменұлы Бақтыбеков Олжас Сулейменовтың азаматтық ерлігінің биік көрінісі - «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы тұжымды естелік айтты. 1949 жылдан бастап қазақ жерінде, оның ішінде, Семей аумағында 500-ге таяу ядролық қару сынағын өткізген кеңестік империяның өктемдік саясатына енді төзуге болмайтынын ашық айтып, алаңға шыққан халық толқуын қолдаған Олжас өз елінің күрескері екенін көрсетті. Сынақ алаңының орталығы болған «Қараул» аулында мыңдаған халық жиналған қарсылық митингісін бастап шықты. Бұл бастаманы бүкіл халық қолдап, жер-жерлерде «Жойылсын полигон, жарылысқа жол жоқ» деген ұранмен қарсылық акциялар өтіп, арнайы штабтар құрылды. Соның нәтижесінде атом жарылысының үні өшті. Әрине ол оңайлықпен келген жоқ. Қаншама айтыс-тартыс Мәскеудегі шенділердің қысымы саяси тұрғыдағы айыптаулар болса да, халықтың қарқынды шеруін тоқтата алмады. Олжастың Орда бұзар отыздың ішіндегі жасында «Игорь жасағы» туралы жазған еңбегі Кеңестің Одақта ғана емес, бүкіл төрткул дүниені дүр сілкіндірді. Ол ашық күні түскен найзағайдан кем болмады. Олжастан кейін «Игорь жасағы» «туралы жазуға да, айтуға да мүлдем тыйым салынды. Сонан бері күні бүгінге дейін ол жөнінде ешбір адам жазбаған. Ол туралы әңгіме бөлек. Біздің айтпағымыз қазақтың арда ұлы, заңғар тұлға Олжас Омарұлының дүниежүзін таң қалдырған еңбегі мен күрескер табандылығы, ішкі діңгегінің мықтылығы. Оның жарқын дәлелі «Аз и Я» кітабының шығуы. Осы шығармасы үшін Олжастың басы кете жаздағаны шындық. Дер кезінде Димаш Ахметұлы Қонаев араша түспегенде жағдай басқаша болуы мүмкін еді.Ұлыны ұлы тани білуінің арқасында Олжас қаһарман болып қалды. «Аз и Я» кітабының шығу тарихи, онымен күрес те ерекше болды. 15 миллион тиражбен шыққан кітап өртеліп, бүкіл дүкен сөрелерінен, кітапханаларынан алынып тасталса да оған деген халықтың ынтасы тоқталмады. Ол жайында Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық Университетінің журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебі, журналистика және медиаөнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жамбылқызы, болашаққа әсерлі әңгімелеп берді. Ол «Адамға табын, жер, енді» деген поэмасын Олжастың өзі оқыған сәтінің куәсі болғанын, жалындаған, арындаған жас ақынның саңқылдаған қуатты дауысымен ерекше шабытпен оқыған бейнесін күні бүгінге дейін ұмытпайтынын тебірене айтты. Сондай-ақ, Олжас Омарұлының лингвистика саласындағы сөздер этимологиясын зерттеудегі еңбегінің зор екеніне тоқталып, қызықты факторлар келтірді. Ол Европа тілдерінің шығу тарихын, орыс тілі мен түріктектес тілдерді шұқшия зерттеген. Мәселен, шумерлерлдегі «ада» - «ата», «ама» - «ана» дегенді білдірсе, «ерен» сөзі «ер», «азамат», «қатардағы жауынгер» дегенді білдіреді екен. 6-7 тіл білетін Олжас ағамыздың политглоттығы адам таңғарлықтай –деп Гүлжауһар Жамбылқызы бірталай қызықты маңызды мәліметтер айтты. 1997 жылдан бері үздіксіз ЕҰУ орнында дәріс беріп келе жатқан Гүлжаухар Жамбылқызы ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін 2025 жылы ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру Халықаралық орталығының директоры Олжас Сулейменовтың «Алғыс» хатымен марапатталды.Сонау студент кезінде «Азия» кітабына қатаң тыйым салынған кезінде жастығының ішіне салып, тығып оқыған, ешкімге көрсетпестен сақтаған. Олжастың фанаты Гүлжауһарға бұл марапат қандай лайықты әрі қымбат десеңізші.Замандасымыздың арғымақ ақыны жыр сұңқары, мемлекет қайраткері әлем әдебиетінің көрнекті өкілі ұлт мақтанышы, ЮНЕСКО-ның тұрақты мүшесі, Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90-жылдық торқалы тойы әлі алда.Биылғы жыл – Олжас жылы болып бегіленді. Осы ұлы той қарсаңында ақынның құрметіне өткізілген «Есіл» ауданындағы жиынға қатысып тамаша естеліктер айтқан Еуразия Ұлттық университеті ғалымдарына қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есілов жүрек жарды ризашылығын білдірді. «Есіл» ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Шәрипа Әбенқызы Үстемірова осы іс-шараның өтуіне елеулі үлес қосқан профессор Күлзира Ыдырысқызына, Гүлжаухар Жамбылқызына және профессор Қазбек Сүлейменұлына «Алғыс» хаттарды табыстады. P.S. Олжас Омарұлы Сүлейменовтың әлемде бейбітшілік сақтау жолындағы ерен еңбегіне орай халықаралық Нобель сыйлығына ұсынылғанына ардагерлер қуаныштымыз әрі қолдау білдіреміз.

         Қалалық ардагерлер кеңесі медиатобының және
    ҚР Журналистер одағының мүшесі Қарлығаш Құспан