Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Әжелер отбасы берекесі»

Әжелер отбасы берекесі атты тақырыпта қалалық ардагерлер кеңесі әжелер мен №53 мектеп-лицейдің оқушыларының қатысуымен кездесу өткізді. Бұл кездесуге себеп болған бүгінгі глобализация процессінің елді мекендердің көпшілігін қамтыған уақытта жастардың тәрбиесіне алаңдаушылық білдіруден.

Кездесуді ұйымдастырушылар қалалық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссия мүшесі ардагер Дүйсенова Үміт Әлібекқызы және бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымдары Рахымжанова Мейіз Әбдуахитқызы мен Қасенова Балкен Қыстаубайқызы.

Нұр-Сұлтан қаласының халқы күн санап өсіп келеді, егер бұрынғы Целиноград қаласында 200 мың адам болса, қазір халықтын саны бір миллионнан асты.

Көпшілігі жұмыс бабымен региондардан келген адамдар, және көпшілігі жастар. Ауылды жерде тұрған уақытта Ата Әжесімен бірге тұрып, солардың бауырында өскен немерелері, ата-әжелері ауылда қалып қойғандықтан айлап, жылдап оларды көрмейді, олардың жылы алақанын, мейрімін, еркелетіп баурына басқанын, айтқан ертегісін бірте бірте ұмыта бастайды. Уақыт өткен сайын аралары алшақтап әжесін, атасын ұмыта бастайды. Күн көріс қамымен жүрген әке шешесі олармен тәрбие жұмысын жүргізуге уақыттары да көп жағдайда бола бермейді.

Содан бала өз бетімен өзі болып, ермегі телевизордан, телефоннан неше түрлі ойындарды көріп, соған әуес болып кетеді. Ол ойындар түбі жақсылыққа апармайды. Балалар көп жағдайда мейрімділік, үлкенді сыйлау тағы басқа қазақ халқына тән құндылықтардан ада болады.

Осы олқылықтың орны толтыру мақсатында ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері аталған мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушыларымен, қазақ халқының ұлтық салт-дәстүрлері туралы өте қызықты кездесу өткізді. Қазақ халқы салт дәстүрге, ғұрыпқа өте бай. Жас сәби «іңғалап» жар салып жарық дүниеге келгеннен, адам қартайып бұ дүниемен қоштасқанға дейінгі аралық олардың әрбір баспалдағы, әрбір кезеңі өзіне лайықты той-домалақпен, қуанышпен аталып өткен. Тіпті ақырғы демі бітіп, соңғы сапарға аттанған адамды арулап жөнелтудің өзі де халқымыздың өзіндік ерекшелігі мол ғажап салты болып қалыптасқан.

Ұлтық іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек-жеңімізді қымтап, жоғалған салт-дәстүрлерімізді қалпына келтіруді қолға алдық. Ғасырлар бойы қалыптасып, халқымызбен бірге жасасқан, көркейген ұлттық салт дәстүрлеріміз, азаматтарымызды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы.

Әжелер жиналған оқұшыларға қазақ халқының салт дәстүрлері туралы баяндап берді:

  • Бесік тойы
  • Бесік жыры
  • Тұсау кесу
  • «Тұсау кесер» жыры
  • Келін түсіру
  • Наурыз тойы
  • «Аяулы әже» жыры
  • Бәйге
  • Ақ сүйек
  • Асық ойыны
  • «Менің әжем» туралы ән
  • Күрес
  • Алты бақан
  • Тобық
  • Тоқым қағу, бастаңғы
  • «Шек беру»
  • «Жасырынбақ»
  • «Теңге алу»
  • «Қыз қуу»
  • «Құрбан айт»
  • «Ораза айт»
  • «Арқан тарту»
  • Беташар
  • Құда түсу
  • Қыз ұзату
  • Тіл ашар тойы
  • Сүндет тойы
  • Шілдехана
  • Әжелер жоғарыда көрсетілеген салт дәстүрлерді оқүшыларға түсінікті тілмен жеткізді. Балалар көптеген сұрақтар қойды. Кедесу өте жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар қызығушылық танытты. Оларға мұндай мәліметтердің жетіспейтіндігі көрініп тұрды. Бұл кездесу №53 мектеп-лицейінің басшылығының сұрауымен ұйымдастырылған болатын. Осы ұйымдастырылған кездесуден тоқығанымыз, мұндай іс шаралар жастар мен ардагерлердің қатысуымен жиі өткізіліп тұру керек.

Сонда ғана аға буын өкілдерімен, жастардың арасындағы сабақтастық әрі қарай жалғаса береді деп кәміл сенуге болады. Бұндай іс шаралар жастарды отан сүйгіштікке, тәрбиелеуге қазақ халқының салт дәстүрін әрі қарай жалғастыруға зор әсерін тигізетіні сөзсіз.

Тағы да бір айта кететін жәй, ол осы №53 мектеп лицейінің директоры Киянова Замзагул Ертайқызы мен оқу бөлімінің меңгерушісі Нуржанова Гульжазира Сейдуалиқызы ардагерлердің оқүшылармен кездесулерін жиі ұйымдастырып тұрады. Тек қана осы 2019 жыл 5 айдың ішінде үш рет әр тақырыпта кездесулер өткізілді.

Бұл кездесуден екі жақта ұтпаса, ешқашан ұтылмайды.

Еліміздің өркендеуіне айтарлыңтай үлес қосқан, тәжірибесі мол аға ұрпақ өкілдерінің жастарға айтары да, береді де көп, және осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

Қалалық ардагерлер кеңесінің консультанты
А.Аширов