ZOOM КОНФЕРЕНЦИЯ 19.10.2020 ж.
ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
**Модератор қалалық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы Есілов С.С.**
Конференция кеңесшісі
Жұмағатов С.С.
**Ер есімі- Ел есінде**
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерлікткері ел есінде. Бүгінгі жиынның девизі: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес». Баяндамамның эпиграфы ретінде Мұзафар Әлімбаевтың мына өлең жолдарын алдым: «Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық. Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық. Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық, Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық Жауынгерлердің жанкешті ерлігі мен «Бәрі Жеңіс Үшін!» деп тылда еңбек еткен халықтың қайрат-жігері мен партриотизмі бүгінгі ұрпаққа үлгі. – Ұлы Отан соғысын еске алу әрбір азаматтың қасиетті парызы! Бұл ұрпақтардың бірлігін арттырып, тарихи дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан 1945 жылғы Жеңіс туралы шындықты зерделеу, біз үшін барлық фашизм құрбандарының алдындағы ең маңызды моральдық міндет. Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар.
Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96 638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 500 жер¬лесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 98-і қазақ болатын. Қазақ¬стан жерінде 12 атқыштар диви¬зиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған. Соғыстың төрт жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қы¬зылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тап¬сырған. Яғни соғыста ғана емес, біз тылда да жеңісті жақындатуға айтарлықтай еңбек сіңірдік. Мұның бәрі айтылып, жазылып жүр.
Биылғы жылы Ұлы соғысының Жеңісіне 75 жыл толып отыр. Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Соғыстың зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде. Қан майданда 600 мыңнан астам қазақстандықтар шейіт болды. 600 мың адам! Әке баласынан, бала әкесінен, ана ұлы мен қызынан, әйел ерінен айырылды. Мыңдаған отаулардың шаңырағы қирап, ортасына түсті. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.
Ұлы Жеңістің бағасы, құны адамзат үшін қаншалықты қымбат?- деген сауалға жауап: Брестіден Москваға дейінгі жер қашықтығы 1200 шақырымды құрайды екен. Ал Москвадан Берлинге дейінгі жердің ара қашықтығы 1400 шақырым деп белгіленген. Демек, екі аралықтағы жердің қашықтығы 2600 шақырым болады. Осылай есептеп қарасақ екі ел арасында ара қашықтық тым алшақ емес сияқты. Бұл поезбен 4 тәуліктік , самолетпен 4 сағаттық жол екен.
Ал 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те басталған соғыстың жаяу жолы 4 жылға созылды. Осы уақыт аралығында қаншама қала қирап, қаншама село өртке шалдықты. Осы жылдары 27 милионнан астам адамдардың өмір оты өшті. Егерде әрбір қаза болған адам үшін үнсіздік сақтар болсақ, еліміз 32 жыл бойына үнсіз қалыпта қалуға тиіс еді. Өйткені, соғыс жылдарында әрбір шақырымға 7 мыңнан астам адамдар жерленіпті.Сондықтан осыншама адамдардың өмірі – Жеңістің басты құны болды.
Біржақты пікір айту оңай. Өткенге баға беру тіптен оңай. Теріс пікірдегі азаматтар бүгін де кездеседі. Бұл – тарих! Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтсе де,әрбір отбасы соғыс зардабын басынан кешкен. Бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі мен төзіділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер бірінші болып еске алады. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туыстарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол кезде Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандатып, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Жазушы Илья Эренбург «Қазақтар» деген публицистикалық мақаласындағы тұтқынға түскен бір фашисттің сөзін келтіреді: « Біз шабуылға шығып едік. Бір қоңыр түсті жауынгерлер бізге қарсы ұмтылды. Олардың қасарысып алысқандары сонша, біз шыдай алмадық. Бізге бір үрей пайда болды да, кейін шегіндік. Кейін бізбен соғысқандар қазақтар екендігін айтты. Мен бұрын мұндай халық бар екенін білмейтін едім». Соғыс жылдарында жаумен шайқасып жатқан армия қатарына Атақты майдангер жазушы Борис Горбатов «Жеңіс туы» атты мақаласында: «Егер де менен ұрысқа қатысушы ретінде емес, тек көріп тұрған адам ретінде де, Рейхстаг төбесіне жеңіс туын кім тікті? – деп сұраса, мен: бәрі де тікті, барлық кеңес фашизмге қарсы күрес дегеннің не екенін қайта бір қаперіне алса дейсің.жауынгерлері тікті, - деп жауап берер едім. Жеңіс туын тіккен кеңес халқы, оның жауынгер перзенттері»,- деп жазды .
Ленинградты қорғаушы батырлардың ішінде қазақ халқының даңқты ұлдары аз болған жоқ. Олар орыс, украиналық, грузин, өзбек туысқандарымен және Кеңес Одағының басқа да халықтарымен тізе қосып, жаумен жан аямай күресті. Жыл өткен сайын ұлы Отан соғысының ардагерлері де азайып барады бірақ біз оларды әрдайым жадымызда сақтаймыз. Соғысқа қатысып, жеңіске жеткен және осы жолда өмірлерін құрбан еткен асыл азаматтарды еске алып, құрмет көрсетіп отыру бәрімізге қасиетті борыш, қастерлі міндет.Бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін сезініп, бағалай білуіміз керек. Сұрапыл соғыстың куәгерлері-майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет -ілтипаттарымызды білдіріп, соғыс сабақтарын еске алып, соғыста қаза тапқандардың рухына бас иеміз.
Адамның өмірі мәңгілік емес, оны мәңгілік ететін – ұрпағы. Қамшының сабындай қысқа өмірде, жер бетіндегі әр адам өз артында лайықты ұрпақ қалса деп амандайды. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген ата-бабалар нақылы ұрпақтың қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Өйткені, адамзаттың өміршеңдігі – ұрпақ жалғастығында. Адамзат баласы тарихи санасын, тарихи жадын жоғалтпай, ғасырлар бойы жинақталған руханиятын бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріп отырса, сол елдің өшпестігінің кепілді. Кәзіргі аға буын өкілдері қандай ұрпақ өсіріп шығарса, болашақта сондай ұрпақпен ертең бақытты өмір сүреді. Ал жас буын алдына қарап, үлгі алса, артына қарап, үлгі беруге тырысады. Бұл ұрпақаралық сабақтастықтың басты шарты болып табылады.
Конференция барысында қаланың қарт тұрғыны, тыл еңбеккері,Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті азаматы Сүйіндіков Отызбай қария "Ақмолалықтардың Жеңіске қосқан үлесі" атты тақырыпта ой бөлісіп, батасын берді.
Ісі ұрпаққа үлгі - өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың да арқасы. Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік.
Бұл – жас ұрпақ үшін керек. «Соғыс» деген сұмдық сойқанның бұлты қайта үйірілмесін. Қазақтың көрген қасіреті аз емес. Өткеннен сабақ алу еш уақытта кеш болмайды.
Нығымет Сауранбаев, филология ғылымдарының докторы 1945 жылы 30 мамыр айында Ленинград майданында шығып тұратын «Отанды қорғауда» газетінде: «Абай - жаңа көркем әдебиеттің атасы», деген мақаласы жарияланыпты. Мақалада: «Қазақ халқының рухани ой-өрісінің даму тарихында Абайдың әлеуметтік көз қарасы, идеясы асқар таудың белі болса, ал поэзиясы оның шыңы. Сондықтан Абай да, оның шығармасы да шалқый өскен ұрпаққа өте жақын көрінеді, «жүрегіне жылы тиеді», шын әсемдік сезімін оятады, елді ерлікке, тапқырлыққа баулыйды»,- деп жазылыпты.
2020 жыл елімізде Абай жылы болып жарияланды. Көптеген шаралар өткізілді. ҚР Президенті де көп көңіл бөлуде. Оның «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын барлықтарыңыз да оқыдыңыздар. Қазақстан президенті өз пікірін ресейлік ТАСС басылымы бас директорының орынбасары Михаил Гусманмен әңгіме барысында білдірді. Тоқаев Жеңіс күні Қазақстан азаматтары үшін ұлы мереке екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан ҰОС кезінде жеңіске жету үшін аз күш салған жоқ. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде: «Абай - қазақ болмысының айнасы», - деп, Мемлекет басшысы ақынның дара тұлғасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық екендігін баса айтты. 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.
Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, ерліктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. «Ер есімі- ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар мәңгі жадымызда сақталып,ешқашан ұмытылмасын! Ұлы Жеңісіміз баянды болсын! Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін! Барлықтарыңызға Жеңістің 100 жылдығын тойлау бұйырсын!
Преподовательский состав ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, во главе основного докладчика Искаковой К.И. и магистров Оразаева С.Б, Елемесова С.Б.,а также студентов и школьников
«Высшего колледжа транспорта и коммуникации» и №4 ш/г.им.Жамбыла Жабаева приняли участие в конференции, прослушаны доклады на тему:
«Ер есімі- Ел есінде», «Никто не забыт-ничто не забыто»,
«О роли и героизме казахстанцев в 1941-1945 годы ВОВ»,
«Ұлы Жеңістің каһармандарына тағзым–Поклонимся Героям Великой Победы!»
Конференцияға қалалық қорғаныс депертаментінің офицерлері мен, ардагерлер Кеңесінің өкілдері, аудандық ардагерлер белсенділері барлығы 95 адам қатысты.
Соңында Ұлы Жеңістің 75-жылдығына жазылған **"ҰЛЫ ЖЕҢІС ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ"**атты кітаптар қонақтарға естелік ретінде тапсырылды.
Zoom 19.10.2020ж.
ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ
Қалалық ардагерлер Кеңесінің конференциясы
-------- Пересылаемое сообщение -------- От кого: Аскар Ашимбай askar9417@gmail.com Кому: astana_sovet@mail.ru Дата: Понедельник, 19 октября 2020, 9:56 +03:00
zoom_0.mp4