1925 жылы 15 қаңтарда Коммунар ауылы Сарысу ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Әскер қатарына 1943 жылы мамыр айында шақырылған. Амурск-Слабоводск қаласында 21 миномент жаттығуында болып, кейіннен Мәскеу қаласында 4 инженер-саперлік бөлімшесінде барлаушы болып дайындықтан өткен. Балтық жағалауындағы соғыста барлаушы болған. Жеңіс күнін Балтық теңізінен Берлинге бара жатқанда қарсы алған. Соғыстан кейінде әскерде болып, елге 1950 жылдары оралған.
Елге оралғаннан кейін 1951 жылы Алматыда Кинотехникумға түскен, аталған техникумды тәмәмдағаннан кейін кино жүйесінде 25 жыл үздіксіз жұмыс атқарған. Құрметті еңбек демалысына Автобаза мекемесінен есепші болып жүргенде шыққан. 8 ұл-қыз өсіріп, солардың ұрпағынан 24 немере 2 шөбере сүйіп отыр.